№ 17 «Айгүл» бөбекжай – балабақша тарихы.
Қожабақы ауылындағы №17 «Айгүл» бөбекжай – балабақшасы 1965 жылы салынған .
Қазалы аудандық акиматының 2005 жылғы 30 мамырдағы Қожабақы ауылынан мемлекеттік мекеме құру туралы №01 қаулысына сәйкес №17 «Айгүл» балабақшасы мемлекеттік мекемесі болып, 01 маусым 2005 жылы ашылды.
Балабақша ыңғайластырылған ескі мектеп ғимаратында орналасқан.
Бүгінгі таңда балабақшамызда 4 топ жұмыс жасап отыр, кіші «Балбөбек» тобында 20 бала, ортаңғы «Балдырған» тобында 20 бала, ересек «Балдәурен» тобында 25 бала, «Ақкөгершін» мектепалды даярлық тобында 25 бала. Балабақшада барлығы 90 бала тәрбиеленіп отыр. Тәрбиеленушілер Республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп отыр.
Балабақшада қазіргі таңда 14 педагог, 19 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. 14 педагогтің біреуі «педагог - сарапшы», он екісі «педагог - модератор» санатында, біреуі санатсыз. Әр топта қабылдау, ойын – сабақ, демалатын бөлмелер, мед. кабинет және музыка залы жұмыс жасайды. Әр оқу жылында мектепалды даярлық тобынан 25 – 30 тәрбиеленушілер мектеп табалдырығын аттайды.


